Интернет алаяқтардан сақ болыңыз!

Интернеттегі алаяқтық оқиғалардың жиілеп кетуіне байланысты Астана қаласы полиция департаменті тұрғындарға ескерту жасады.
"Банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып өздерін ұсынатын алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыздар", - делінген хабарламада.
Және банктердің қауіпсіздік қызметкерлері ешқашан клиенттерге қонырау шалмайтынын, сондай-ақ, «Олх» және «Колеса» сайттарында тауарлар үшін алдын ала төлем жібермеуді еске салады. Аталған сайттарда мұндай қызмет түрі жоқ және Олх курерлік қызметі түріндегі сілтемелерді ашпауды ұсынды.