Астана - 101,4FM

Үкімет басшысы Астанадағы LRT құрылысы қарқынын тексерді

Үкімет басшысы Астанадағы LRT құрылысы қарқынын тексерді

Бүгінгі таңда LRT эстакадасының арқалықтарын төсеу кезеңі аяқталды. Cтансалардың негізгі темірбетон конструкциялары құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Келесі жылы рельстерді төсеу, стансаларды әрлеу және жылжымалы құрамдарды жеткізетін депо құрылысын жүргізу, Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесі бойындағы эстакадалық бөлікті абаттандыру жүргізіледі.


Жеңіл рельсті желінің жалпы ұзындығы 22,4 км. LRT құрамына 18 станса кіреді. Қозғалыс аралығы 4-5 минут болады. Төлем көлік картасын валидациялау немесе QR-код арқылы қарастырылған.


China Railway Asia-EuropeConstruction Investment қосалқы мердігер компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэй инновациялық технологиялар қолданылып жатқанын баяндады. Жоба аяқталғаннан кейін жеңіл рельсті желі бойымен жүргізушісіз пойыздар іске қосылады.


LRT іске қосу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған.