Астанада көп функционалды туристік аудан құрылмақ
Үкіметтің «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 24 қарашадағы №772 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізілді.
Әлеуметтік, денсаулық сақтау және туризм саласына инвестициялар тарту арқылы Астана қаласын жедел дамыту мақсатында «Астана – Технополис» арнайы экономикалық аймағының аумағын кеңейту көзделіп отыр. Оның ішінде қонақүйлер, мейрамхана және басқа да ойын-сауық орталығы құрылады.
Қаулы жобасы 12 қарашаға дейін қоғам талқысына ұсынылды.
Фото: astanacb.kz