Өрттен сақ болайық...
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Астана қаласының әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін еске салады:
- Өрт көбінесе пештердің қызып кетуінен, кірпіште жарықтардын пайда болуынан, оттықтан немесе күлден жанып жаткан көмірдің түсуінен болады.
- Пеш жанында жанатын материалдарды сақтауға, кірді кептіруге болмайды.
- Жылыту маусымы басталар алдында пеш пен мұржаның жарамдылығын тексеру, жарықтарды сазды-құмды ерітіндімен бітеу, шатырдағы түтін құбырын ағарту қажет.
- Кем дегенде үш айда бір рет жабық пештердің мұржаларын күйе жиналуынан тазарту керек.
Егер өрт анықталса, дереу 101 және 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!