Астана - 101,4FM

Әйелдің қоғамдағы орны айқын

Әйелдің қоғамдағы орны айқын

Бүгінде қыз-келіншектерге ұдайы қолдау көрсету, олардың дамуына жан-жақты жағдай жасалуда. Оның үстіне гендерлік саясат, әйелдердің қоғамдағы орны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жіті назарында.
Сондай -ақ гендерлік мәселелерді реттеуде Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Мәселен, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы, Республикалық әйелдер кеңесі, Әйелдердің даму және бейімдеу қауымдастығын атап өтсе болады.
Қазақ халқы әйел затын аса ыждақатпен құрметтеген. Бүгінгі  әңгіме-сұхбатымызда әйелдің қоғамдағы және отбасындағы рөлі қандай?  Феминистер кімдер? Болашақта қазақ  қоғамындағы әйел рөлі деген сұрақтарға жас ғалым, саясаттанушы Әйгерім Серікжановадан жауап алдық. Қызықты инсайдттарға толы сұхбатымызды тыңдаңыздар.