«Наз» мемлекеттік би театрына биыл 25 жыл!
Осыған орай, бүгін Елордадағы Ұлттық Музейде іс-шара өтті. Қадірлі қонақтардың қатарында 60 жыл сахнада жүрген биші Гүлжан Талпақова да бар.
Театр тарландары 2005 жылғы Қатар еліндегі Жазғы олимпиада ойындары мен ЕХРО-2017 көрмесі тәрізді ауқымды шараларға қатысқан. Мерейтой қарсаңында ашылған көрме 20 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, жиын барысында осы би театрында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған, Мәдениет саласының үздігі Толқын Сұлтан жаңа кітабын таныстырды.