Астана - 101,4FM

LRT құрылысына алғашқы рельс төселді

LRT құрылысына алғашқы рельс төселді

Астанада LRT тәжірибелік учаскесінде 500 метр рельс төселді. Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады.

№ 116 және № 117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде рельс жолының алғашқы 500 м төсеу аяқталды. Бұл сынақ қыс кезінде LRT инфрақұрылымына ауа райының әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Рельс жолы арматуралық жақтау, шпалдар, рельстер және бекіткіштерден тұрады. Эстакаданың жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды. Оның бойына қос жол салынады. Бұл пойыздардың жүруін, оларға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді,-делінген компания хабарламасында.

Стандартты жол ені — 1 435 мм. Сонымен қатар рельстерді жіксіз төсеу пойыз дөңгелектерінің дыбысы мен дірілді азайтады. Алдын ала кернелген шпалдар жарылып кетуден қорғалған, аязға және қардың еруіне төзімді

Эстакада рельс жолдарын төсеу 2025 жылы толық аяқталады.