Биыл елордада 23 мың оқушыға арналған 15 мектеп ашылады
Оның ішінде төртеуі бюджеттік инвестициялық жоба бойынша салынады. Аталған 4 мектептің екеуі Нұра ауданында, қалғаны Алматы ауданында орналасқан.
Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиевтің айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 14 мың оқушыға арналған 7 білім ордасы ашылады. 4 мектеп Нұра ауданында, 2 мектеп Алматы ауданында, 1 мектеп Байқоңыр ауданында орналасады.
«Жекеменшік мектеп саны да артады. Жеке инвестордың қаржысы есебінен салынатын 4 мектеп жаңа оқу жылында шәкірт қабылдайды. Осылайша бұл мектептерде 6 мыңнан астам оқушы білім алады. 3 мектеп Есіл ауданында, 1 мектеп Нұра ауданында ашылады», - деді Қ.Сенғазиев.
Фото: inform.kz