Астана - 101,4FM
Мен қазақпын!

Мен қазақпын!

Авторы: Үмбетова Б.С.

Редактор-жүргізушілер:

Дүйсенбі: Жанболат Шәкім – Мақпал Аманбай

Сейсенбі: Сұңқарбек Батан – Сымбат Танашева

Сәрсенбі: Санат Нұрбай – Жанар Нұрышева

Бейсенбі: Алмас Байдрахманов – Жанар Мырзағалиева

Жұма: Ербол Алшынбай – Назира Байтықова

Эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі-жұма, 10:06-11:00 және 11:06-12:00

Ұзақтығы: 100 минут

Жиілігі: аптасына 5 рет

Жанры: ақпаратты-танымдық бағдарлама

Бағдарлама мақсаты: Туған өлкенің жер-суы, өзен-көлі, тау-тасымен таныстырып, атамекен, ауыл-аймақтың бүгінгі тыныс-тіршілігі,  елдің игілігіне айналған мемлекеттік бағдарламалардың өңірлерде іске асырылуы, жастарымыздың тарихи танымын тереңдете отырып, отаншылдық рухта тәрбиелеу, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда ғылымда ашылған жаңалықтармен таныстыру, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясының» іске асырылуы, құқықтық сауаттылық, халқымыздың салт-дәстүрі, болмысы, дүниетанымы жайында әңгіме өрбіту.

Бағдарламаның екінші бөлімі «Нағыз қазақ» айдарымен радиоойын түрінде жүргізіледі.

Хабардың түрі: сұхбат, сараптама, суреттеме, түрлі тақырыптағы айдарлар, репортаждар, радиоойын, тыңдарманмен кері байланыс.

Хабардың жасалу формасы: Эфир қонағы студияға шақырылып, тікелей эфирде сұхбат жүргізіледі. Әлеуметтік сауалнама арқылы қоғамның пікірі ескеріледі. Тақырыптарға орай суреттемелер мен репортаждар дайындалады.  

Бағдарламалар мұрағаты