
1001 кәсіп
Хабардың редакторы әрі жүргізушісі: Мақпал Аманбай
Эфирден берілетін уақыты: сәрсенбі, 15:20-15:50; қайталау 14:20-14:50 (жексенбі)
Хабардың ұзақтығы: 30 минут
Хабардың түрі: ақпараттық-танымдық
Хабардың мақсаты: Мамандық таңдау – жай ғана оқып, диплом ала салу емес, өмірлік жолыңды айқындау. Дұрыс таңдалған мамандық – ертеңгі табысты өмірдің кепілі. Бағдарламаның басты мақсаты жастарға келешек мамандықты сауатты таңдауда бағыт-бағдар беру.
Хабардың жасалу формасы: Әр хабарда белгілі бір мамандық иесінен кәсібі туралы сұхбат алынады. Бағдарлама барысында шақырылған қонақ кәсібінің қыр-сырын, қиындығы мен қызығын баяндайды. Бағдарлама эфирге аптасына бір рет, алдын ала жазылып таспа түрінде шығады.