
Арнайы қонақ
Хабардың редакторы әрі жүргізушісі: Салтанат Сәдібекова.
Эфирден берілетін күні: сәрсенбі, 15:20-15:50
Хабардың ұзақтығы: 30 минут
Хабардың түрі: ақпараттық-танымдық, сұхбат, комментарий
Бағдарлама мақсаты: Ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын мемлекеттік бағдарламалар, түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси құжаттардың қоғам өміріндегі маңызы жайлы айтылады. Қоғамда талқыланып жатқан өзекті мәселелер мен күн тәртібіндегі негізгі оқиғалар бағдарлама жүргізушісінің басты назарында. Сондай-ақ, қоғамдық үрдістерге қатысты сарапшылардың көзқарасы мен түрлі ведомство өкілдерінің пікірі анықталып, тыңдарманға объективті ақпарат, дәйекті дерек ұсынылады.
Хабардың жасалу формасы: Бағдарлама барысында көтерілетін тақырыпқа орай арнайы ведомство өкілдері, халық қалаулылары, қоғам қайраткерлері, сарапшылар шақырылып, өз ойларымен бөліседі. Хабар тікелей эфирде немесе алдын-ала жазылып, таспа ретінде беріледі. Эфирге аптасына бір рет шығады.