«Classic» радиосы - Қазақстандағы алғашқы және жалғыз классикалық музыкалық радиоарнасы, ол 2011 жылғы 6 маусымда Алматыда 102.8 FM-де эфирге шығуды бастады.

Эфир тәулігіне 18 сағат, қазақ және орыс тілдерінде, Астана, Алматы, Ақтау қалаларында FM диапазонында, сондай-ақ OTAU TV спутниктік пакетінде және интернетте жүзеге асырылады.

«Classic» радиосының негізгі бағыты - көркемдік және эстетикалық талғамды дамыту, академиялық музыка, джаз музыка мен мәдени білім туралы тұрақты білімді қалыптастыру.

Міндеті: классикалық және джаз музыканы кеңінен насихаттау және Тәуелсіз Қазақстанның өнер мен мәдениет саласындағы жетістіктерін объективті көрсету.

Форматы: әр түрлі жанрдағы академиялық классикалық музыка, жас шектеусіз аудиторияға бағытталған джаз музыкасы.

Трансляция құрамына Қазақстан, ТМД және әлем мәдениеттері туралы жаңалықтар, музыкалық шығармалар, айдарлар және ерекше эксклюзивті танымдық - бағдарламалар, ойын-сауық және білім беру жанрлары енеді.