Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Опера» Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсының премьерасын ұсынады

«Астана Опера» Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсының премьерасын ұсынады

«Астана Опера» қазанның 2-3 күндері бельканто дәуірінің жауһары – Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсының премьерасын ұсынады. Аталмыш опера комедия, дәлірек айтсақ, опера-буффа болып табылады, бұл жанр – комедия мен драманың қосындысы, біздің жағдайда сатира элементтері қосылған. Доницеттидің пайымы бойынша, операның сюжеті егде жастағы ауқатты мырзаның жас қызға үйлену туралы шешімін мазақ етуге үндейді. Қойылымның режисcері Наталья Кагадий бұған дейін Доницеттидің «Махаббат сусынын» қойған болатын, ал «Дон Паскуале» операсын бірінші рет сахналап отырғанын жеткізді.