Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қуыршақ театры арнайы қойылым ұсынбақ

Қуыршақ театры арнайы қойылым ұсынбақ

30 қыркүйекте Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай "Өмір өзен" атты қойылымын сахналайды. «Карантин басталмай тұрып, театырымыз Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай арнайы қойылымды сахналауды жоспарлаған еді. Өкінішке қарай, елде осындай жағдай болған соң, бұл жоспарымыз шегерілді. Қазір жұмыс істеп жүргенімізге төртінші апта болды. 30 қыркүйек, қала күніне орай Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін "Өмір өзен" атты арнайы қойылымды сахналауға дайындалып жатырмыз. Қойылым композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерінің желісіне құралған. Спектакль жас режиссер Еркебұлан Қабдылдың бастамасымен қойылады", - деп театр әртісі Мақсат Камалов айтып өтті.