Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Мәдениет саласының қызметкерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Мәдениет саласының қызметкерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова коронавирус пандемиясы кезінде тұрғындарды рухани демеп, түрлі жобаларды қолға алып, белсенділік танытқан мәдениет, спорт және туризм саласы өкілдерін онлайн форматта «Халық алғысы» медалімен марапаттады.

 Мәдениет және спорт министрлігі бойынша марапатталғандар тізімі: Есқайыр Абаханов – Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы директорының орынбасары Нұрлан Абдуллин – әнші Бақтияр Адамжан – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының балет әртісі Серік Ақылбек – «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейі директорының орынбасары Зарина Алтынбаева – Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының артисі Алмас Алтынбеков – «Қазақконцерт» МКҚК директорының орынбасары Медеубек Арынбаев – әнші Динара Әубәкірова – велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығының бөлім басшысы Қазбек Ғазизұлы Ахмедьяров – «Астана Балет» театрының жетекші солисі Мейрамбек Ахметкәрімұлы Әбдікәрімов – Қазақ ұлттық өнер университетінің кафедра меңгерушісі Лена Мәжитқызы Әбдіхалықова – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының солисі Сандуғаш Толымбекқызы Әлімбекова – «Қазақконцерт» МКҚК тігіншісі Мөлдір Есіркепқызы Әуелбекова – әнші Нұркен Нұрғалиұлы Әшіров – домбырашы Қайрат Әбдысатарұлы Баекенов – әнші Ернар Ерболұлы Байболатов – «Қазақ әуендері» АҚ жетекші дизайнері Ардақ Байділханқызы Балажанова – «Қазақконцерт» МКҚК солисі Әйгерім Болатбекқызы Бекетаева – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының балет артисі Нұра Есенгелдіқызы Бимұрзаева – Ұлттық музейдің бөлім басшысы Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов – әнші Сәуле Мағазбекқызы Досжан – жазушы Индира Манарбекқызы Еділбаева – әнші Анар Нариманқызы Елембаева – басқарма басшысы Асқар Бердібекұлы Есенқұлов – «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің бөлім басшысы Нағима Қабдулқызы Есқалиева – әнші Азамат Қайратұлы Жылтыргөзов- опера әншісі Қабдеш Жұмаділ – жазушы Ерлан Сыдықұлы Жұрынбаев – Министрдің кеңесшісі Толқын Забирова – әнші Досым Қуатұлы Зікірия – «Есік» мемлекеттік тарихимәдени қорық-музейінің бөлім жетекшісі Алишер Шукирович Каримов – әнші Елена Викторовна Ким – Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының бас режиссері Роман Николаевич Ким – әнші Нұрбол Қабдылұлы Қапешов – баспасөз хатшысы Сәкен Қордабайұлы Майғазиев – әнші Флюра Борисовна Мусина – балет сыншысы Ержан Мәлікұлы Еркінбаев -Kazakh Tourism ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Майра Мұхамедқызы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры опера труппасының жетекші солисі Жаңыл Өміртайқызы Мұхтарова – департамент директоры Рүстембек Өмірбайұлы Нұржігіт – әнші Серік Тоқтасынұлы Нұрмолдаев – музыкант, мультиинструменталист Жанаргүл Нәсіпқалиқызы Орынбасарова – әнші Қабира Жақсығұлқызы Парманова – Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп интернат-колледжінің мұғалімі Инна Дмитриевна Поротикова – Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының костюмдер мен аяқкиім жасау және сақтау қызметінің басшысы Ерлан Рысқалиұлы Рысқали – дәстүрлі әнші Дәурен Ғабдоллаұлы Тамабаев – «Қазақ әуендері» АҚ бөлім басшысы Оксана Анатольевна Танская – Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің бөлім басшысы Валихан Анатольевич Тен – «Қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы» РҚБ бас директоры Татьяна Альбертовна Тен – «Астана Балет» театрының жетекші солисі Жұбаныш Тоқсанбаев Жексенбекұлы – әнші Әділжан Майкенұлы Толықбаев – композитор Клара Төленбаева – «Қазақконцерт» МКҚК солисі Еламан Маратұлы Төлепберген – «Қазақконцерт» МКҚК бөлім басшысы Айнұр Жұмабекқызы Тұрсынбаева – айтыскер Бекболат Тілеухан – мемлекет және қоғам қайраткері Тимур Акрямович Урманчеев – пианист Дилара Ержанқызы Шомаева – «Астана Балет» театрының жетекші солисі Жанар Шәмшіханқызы Ысқақова – Республикалық спорт колледж директорының орынбасары Тойған Ізім – Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры. Басқосуда «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының балет артисі Бақтияр Адамжан «Астана Опера» театры ұжымының алғысын жеткізді «Еңбегіміз еленіп жатқанына қуанштымын. Алдағы уақытта да біздің театрымыз көрерменді қуанту үшін күш сала жұмыс істеуге дайын»,-деді. Ал Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп интернат-колледжінің химия пәнінің мұғалімі Кабира Парманова да жүрекжарды лебізін білдірді. «Пандемия кезінде балаларды қашықтан оқыту өте қиын болды. Дегенмен Министрліктің, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің дұрыс, тиянақты ұйымдастыруымен барлық жұмысты ойдағыдай атқардық. Сол кездегі еңбегімізді елеп, осындай марапат жасап жатқандарыңыз үшін рақмет»,-деді ұстаз.