Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада осы аптада қандай қойылымдар мен көрмелер өтеді

Елордада осы аптада қандай қойылымдар мен көрмелер өтеді

Қаланың мәдениет ошақтарында бірқатар концерт, көрме мен қойылымдар жоспарланған, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Келушілер арақашықтық пен маска тағу тәртібін қатаң сақтап, санитайзер қолдануы керек.

Тәуелсіздік сарайында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Династия Аканаевых», «Движение в пространстве» көрмелері өтеді.

Nomad City Hall-да 15 қазанда сағат 19:00-де «Қыз Жібек» қойылымы, 17 қазан сағат 18:00-де «Мерекелік меню» өтеді. «АЛЖИР мұражай-мемориалдық кешенінде «Алаш», «АЛЖИР мұражайының залына экскурсия жалғасуда. 

15 қазанда сағат 19:00-де «Інжу-Маржан» онлайн-концерті және «Қорқыт» этно-ансамблінің концерттік маусымының ашылуы өтеді. Халық музыкасының білгірлері шараны Instagram: astana_filarmoniya, Facebook: astana.filarmoniya, YouTube: Нұр-Сұлтан филармониясы сілтемелері бойынша тамашалай алады.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 14 қазанда кіші залда «Смешанные чувства» (мелодрама, Р.Бер), 15 және 16 қазанда «Смешные деньги» (Р. Куни, комедия) спектаклдері өтеді.

Айта кетейік, карантинге байланысты барлық концерт, қойылым мен көрмелер шектеулі көрермендер санымен өткізіледі.