Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Лондонда қазақстандық суретшілердің көрмесі өтті

Лондонда қазақстандық суретшілердің көрмесі өтті

Лондондағы Cromwell place атты көркемсурет галереясында Алмагүл Меңлібаева мен Ербосын Мелдібековтың туындыларына арналған көрме ашылды. Экспозицияда суретшілердің жаңа картиналарымен қатар, өз өзектілігін жоғалтпаған белгілі жобалары да ұсынылған.  

Қазақстандық авторлардың жұмыстарына әлемнің түкпір-түкпірінен келген коллекционерлер мен түрлі музейлер қызығушылық танытуда. Мысалы, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы тау туралы баяндайтын «Ленин шыңы» атты туынды 15 мың еуроға бағаланады. Қазіргі таңда 4 туындының 3-і сатып алынған. Картинаны сатып алғандардың қатарында Гонконгтың әйгілі заманауи өнер музейі бар.

Лондонда отандық мэтрлердің жұмыстарын Алматы галереясы таныстырды. Аталмыш галерея Қазақстанда жыл сайын 14-ке жуық Орталық Азия суретшілері қатыса алатын бірнеше көрме өткізеді. Ал енді Cromwell place галереясының мүшесі бола отырып, олар жылына 4 рет Ұлыбритания астанасында қазақстандық авторлардың көрмесін ұйымдастыра алады.