Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

"Астана Балет" үш спектакль премьерасына билет сата бастады

Сегізінші маусымын дәрігерлердің құрметіне үш қайырымдылық концертпен ашқан соң, "Астана Балет" театрының әртістері үш премьералық спектакльге дайындығын жалғастырды. Олардың көрсетілімі 30-қазан мен 6 қарашада өтеді. Жаңа маусымдағы спектакльдерге билет сатыла бастады. Ол тек театр сайты арқылы онлайн жүзеге асырылады . 

30 қазанда көрермен қауым қос премьераны тамашалайды. Бір кеште театр сахнасында шақырылған хореограф Рикардо Амарантенің жаңа туындысы – "Longing" ("Құштарлық"), сонымен бірге, Дэвид Джонатанның "Instinct" ("Инстинкт") бір актілі балеті көрсетіледі.

Ал 6 қарашада көрермен қауым тағы бір премьераны тамашалайды. Астаналық театр сахнасында қазақстандық хореограф Анвара Садықованың "Желтораңғы туралы аңыз" бір актілі балеті көрсетіледі. Қуат Шілдебаевтың музыкасына қойылған балет желтораңғы ағашы жайлы баян етеді.

Спектакль премьералары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.