Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры дәстүрлі «ЖасSTAR» фестивалін жаңа форматта ұсынады

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры дәстүрлі «ЖасSTAR» фестивалін жаңа форматта ұсынады

7 қарашадан бастап Қазақстанда шығармашыл жастардың ЖасSTAR халықаралық фестивалі өтеді. Оның ұйымдастырушысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры болып табылады. Биылғы фестивальдің ерекшелігі - ол өзінің дарынды қазақстандық жастарды қолдау жөніндегі негізгі миссиясын сақтай отырып, онлайн форматында өтеді. Фестиваль бағдарламасында музыка, театр, кино, фотография, әдебиет, кескіндеме, заманауи өнер және креативтіиндустрия сияқты бағыттар бойынша белгілі сарапшылардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар - вебинарлар, онлайн-пікірталастар өтеді. Фестивальдің конкурстық бағдарламасына 16 мен 40 жас аралығындағы кез-келген адам қатыса алады. Конкурс жұмыстары 2020 жылы шығарылған және фестивальдің манифестін қамтуы тиіс. Жұмыстарды 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін www.jasstar.kz веб-сайтында орналастыру қажет. Сондай-ақ олар Instagram немесе YouTube әлеуметтік желісінде # ЖасStar2020 хэштегімен және Қордың @nazarbayevfoundation Instagram аккаунтының белгісімен жариялануы керек.