Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Петропавл облыстық қуыршақ театрында «Түйме қыз» ертегісінің премьерасы өтті

Петропавл облыстық қуыршақ театрында «Түйме қыз» ертегісінің премьерасы өтті

Кішкентай көрермендерге арналған тарту. Облыстық қуыршақ театрында «Түйме қыз» ертегісі сахналанды. Даттық жазушы Ганс Христиан Андерсеннің еңбегін қазақшалаған – өнер ордасының көркемдік жетекшісі Мейрам Секасенбев.

Қойылымның басты кейіпкерлері – Клумпе-Думпе мен Иведи-Аведи есімді достар. Екеуі ақылдасып, Түйме қыз хикаясын қуыршақтардың көмегімен сахналамақшы. Ертегі гүлдің ішінен пайда болған, шынашақтай ғана мейірімді қыз туралы. Сан қилы оқиғаны бастан кешетін кішкентай кейіпкерге қосмекенділердің арбауынан құтылуға қарлығаш көмектеседі. Даттық жазушы Ганс Христиан Андерсен жазған әсерлі ертегіні қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Мейрам Сексенбаев қазақ тіліне аударған.

Қазіргі уақытта өнер ордасының ұжымы чехиялық режиссер Евгений Ибрагимовпен бірлесіп өзге де спектакльдерге дайындық жүргізуде.