Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қарағандыда Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды

Қарағандыда Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды

Қарағандыда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұлы ақынның ескерткіші ашылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында жазды.

Жобаның авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин.

Аталған шараға қоғам және мемлекет қайраткері Сауытбек Әбдірахманұлы, абайтанушы ғалым Ғарифолла Есімұлы, айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры Ерлан Ерназарұлы арнайы келді.

Аталған мәдени нысанның ашылу салтанатына орай аудандық мәдениет үйінің алаңы мен қасбетін қайта құру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ескерткіштің ашылу салтанатына орайластырылып  "Абай жаққан бір сәуле..." атты шығармалар жинағы мен М.Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының әлемнің 18 тіліндегі дисктік жинағы шығарылды. Кітаптарды цифрлау Шахтинск қаласының орталық кітапханасымен бірлесіп жүргізілді.