Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада халықаралық композиторлар конкурсы басталды

Елордада халықаралық композиторлар конкурсы басталды

Елордада «New Music Generation 2020» халықаралық композиторлар конкурсы басталды, деп хабарлайды Хабар. Онлайн байқау 21 қарашаға дейін жалғасады. Мұнда Франция, Германия, Италия, Беларусь және Ресей сияқты әлемнің 22 елінен 98 үміткер 160 партитура ұсынды. Қазылар алқасы туындыларды алғаш рет онлайн бағалайды. Конкурстың ерекшелігі сол, қатысушылардың есімдері жария етілмейді. Бұл композицияларға баға беру кезінде бейтараптықты сақтауға мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар.