Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда Әбу Насыр әл-Фараби мен Ақжан Машанидың кітаптары таныстырылды

Алматыда  Әбу Насыр әл-Фараби мен Ақжан Машанидың кітаптары  таныстырылды

Халықаралық Түркі академиясы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ұлылар үндестігі: Фараби мен Машани» атты ғылыми жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматыда Әбу Насыр әл-Фараби мен Ақжан Машанидың кітаптары таныстырылды

2020 жылғы 2 желтоқсан 22:34

Алматыда Әбу Насыр әл-Фараби мен Ақжан Машанидың кітаптары таныстырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Халықаралық Түркі академиясы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ұлылар үндестігі: Фараби мен Машани» атты ғылыми жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында өткен алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясы президенті Дархан Қыдырәлі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі Әбсаттар Дербісәлі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі Әлия Бейсенова, философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жақыпбек Алтаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, әл-Фараби орталығы директоры, доцент, философия ғылымдарының кандидаты Бекжан Мейірбаев, Ақжан Жақсыбекұлының жары Жамал Шорайқызы Машани, тарих ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Зада Дүкенбаева, сонымен қатар көрнекті қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары мен белгілі ғалымдар қатысты.

Шара барысында Әбу Насыр әл-Фараби мирасын жаңғыртуға елеулі үлес қосып, ұлы ойшыл мұраларының шырақшысы болған Ақжан Жақсыбекұлы Машанидің 114 жылдық тойы аталып өтті.

Сонымен қатар, аталған шара аясында Әбу Насыр Әл-Фараби мен Ақжан Машанидың Түркі академиясы басып шығарған жаңа кітаптарының тұсаукесері болды.