Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда Людвиг Ван Бетховеннің 250 жылдығына арналған музыкалық-театрландырылған қойылым өтеді

Алматыда Людвиг Ван Бетховеннің 250 жылдығына арналған музыкалық-театрландырылған қойылым өтеді

12 желтоқсан күні АRTиШОК театрының үлкен сахнасында «Бетховен.Mute» музыкалық-театрландырылған қойылымы өтеді. Қазақстандағы Гёте-Институтының қолдауы мен тапсырмасына сай, заманауи музыка ансамблі «Игеру» және ARTиШОК театры жасаған жоба, Людвиг Ван Бетховеннің 250 жылдығына арналады. Музыкалық-театрлық қойылымның негізінде «Бетховен-Брамс-Шенберг-Лахенман-Кейдж» сабақтастық желісін құрайтын бес композитордың бес композициясы кіреді. Әр түрлі ғасырлардағы музыкаларды орындау электро-акустикалық интермедиялармен үйлесім табады және театрландырылған қойылыммен сүйемелденеді.