Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Бақшасарай фонтаны» «Астана Опера» театрының репертуарына қайтып оралды

«Бақшасарай фонтаны» «Астана Опера» театрының репертуарына қайтып оралды

Асафьевтің «Бақшасарай фонтаны» «Астана Опера» театрының репертуарына қайтып оралды. Ұзақ үзілістен кейін 23, 24 және 25 сәуір күндері елордалық труппа хореографиялық поэманы қайтадан орындамақ. Қоюшы балетмейстер, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова Ростислав Захаров хореографиясының түпнұсқасын қайта жаңғырту бойынша жұмыс істеуде, қоюшы дирижер Арман Оразғалиев оркестрдің мінсіз дыбысталуына жауап береді, сахнаның шығыс нақыштағы жабдықтарын қоюшы суретші, қазіргі заманның атақты сценографы Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші, «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино жасады. Еске салар болсақ, спектакльдер Ashyq жобасы аясында өтеді. «Астана Опера» театры алғашқылардың бірі болып аталмыш бағдарламаға қатысуға өтінім беріп, рұқсат алды.