Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Нұр-Сұлтанда Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш орнатылады

Нұр-Сұлтанда Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш орнатылады

Нұр-Сұлтанда талантты әнші, композитор Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш орнатылады. Елорда әкімдігі соған орай үздік эскиз-идеясына байқау жариялады. Ұсыныстарды Birge атты платформасында «Кері байланыс» батырмасы арқылы жіберуге болады. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.