Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Әлібек Дінішевке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді

Әлібек Дінішевке

Президент Қасым – Жомарт Тоқаев әнші Әлібек Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері"атағын берді. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды. Дінішев отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеуге қосқан айрықша еңбегі үшін жоғары дәрежеге ие болды. 30-шы шілдеде ол 70 жасқа толды. Әлібек Дінішев камералық және опера әншісі, ұстаз. КСРО-ның халық әртісі. 1970-ші жылдардың басында "Жетіген"вокалдық-аспаптық ансамблімен бірге ән шырқады. Еуропаның ірі залдарында камералық бағдарламалармен өнер көрсеттіп, Мәскеудегі Үлкен театрдың спектакльдеріне қатысты. КСРО қалалары мен шет елдерде концерттік бағдарламалармен гастрольдік сапар жасаған.