Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

"Астана Опера" театрында "From F to T" атты үрмелі музыка кеші өтеді

18-тамызда "Астана Операда" "From F to T" атты үрмелі музыка кеші өтеді. Сахнада халықаралық байқаулардың лауреаттары Ержан Құшанов және Нұрболсын Төлеухан өнер көрсетеді. Кеште классикадан бастап заманауи әуендерден тұратын сан алуан музыка шырқалады. Ержан Құшанов -Париж жоғары ұлттық музыка және би консерваториясының түлегі. Қазіргі уақытта Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы симфониялық оркестрінің солисі және топ концертмейстері. Ал Нұрболсын Төлеухан – Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының түлегі және магистранты. "Juband" джаз оркестрінің негізін қалаушы әрі жетекшісі, дүниежүзілік джаз қауымдастығының мүшесі, Марат Бисенғалиев жетекшілік ететін Үндістан симфониялық оркестрімен ынтымақтастықта жұмыс жасайды.