Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Саратовта Халықаралық виолончелистер байқауы өтеді

Саратовта Халықаралық виолончелистер байқауы өтеді

2-10 қыркүйекте Саратовта Святослав Кнушевицкий атындағы V Халықаралық виолончелистер байқауы өтеді. Биыл беделді шығармашылық байқауға қатысуға Ресей, Беларусь, Украина, Армения, Франция, Германия, АҚШ-тан 100-ден астам орындаушы өтінім берді. Олар Альфред Шнитке атындағы Саратов облыстық филармониясының және Леонид Собинов атындағы Саратов мемлекеттік консерваториясының концерт залдарында өнер көрсетеді. Шығармашылық сайыстың басты идеясы – талантты орындаушылардың жаңа есімдерін ашу.