Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Операда» вокалдық және аспаптық музыка кештері өтеді

«Астана Операда» вокалдық және аспаптық музыка кештері өтеді

8 қыркүйекте танымал аспапшы музыканттар Гүлжамиля Қадырбекова мен Серік Сырлыбаев «Брамске тарту» концертін ұсынады. Онда көрнекті неміс композиторы Иоганнес Брамстың скрипка мен фортепианоға арналған сонаталары мен басқа да шығармалары орындалады.

10 қыркүйек күні Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті биыл әлемдік музыка қауымдастығы 140 жылдығын атап өтіп жатқан венгр композиторы Бела Бартокқа арналған «Бела Бартокты ту етіп» концертін ұсынады.

«Астана Опера» камералық залына опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі берілуіне орай 13 қыркүйек күні «Қазақтың бұлбұлы» атты музыкалық кеш өтпек.

Ал 15 қыркүйекте «Қоңыр күз кешіндегі музыка» концертінде халықаралық байқаулардың лауреаттары Әнел Шәкірова мен Анара Камельинова аспаптық дуэті тыңдармандар назарына өз шығармашылығын паш етпек.