Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Жамбыл Жабаевтың жырлары қырғыз тілінде жарық көрді

Жамбыл Жабаевтың жырлары қырғыз тілінде жарық көрді

Жыр алыбы Жамбылдың жинағы Бішкекте қырғыз тілінде басылып шықты, деп жазады qazaqtv.com Осыған орай қырғыз елінің астанасында қазақ ақынының шығармашылығын зерттеуші мамандар мен оқырмандар бас қосты. Әдеби оқулар Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орайластырылған. Ғасыр жасаған ақынның өлеңдері кітапқа енгізілген. Жинақ сонысымен құнды. Тұтас дәуірдің үні естіледі. Сондай-ақ жинақта Жамбылдың қырғыз ағайындарға арнаған туындылары да бар. Кітаптың өзі 1 000 данамен басылып шықты.

Жамбыл Жабаев тарихта суырыпсалма ақын, тыңнан сөз қозғайтын шешендігімен танымал. Ол халық ауыз әдебиетін кейінге жеткізе білді. Жыр атасы атануы да осыған байланысты. Ең бастысы рухы биік жырлары елдің еңсесін көтерді. Ақынның 175 жылдығына арналған мерекелік концертке келген жұрт осыған көз жеткізді.