Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Операда» «Жасырын неке» операсының премьерасы өтеді

«Астана Операда» «Жасырын неке» операсының премьерасы өтеді

30 қыркүйекте «Астана Операда» Доменико Чимарозаның «Жасырын неке» операсының премьерасы өтеді. Бұл туынды опера-буффа жанрындағы ең үздік шығармалардың бірі саналады. Спектакльде өз ісінің шеберлері – қоюшы дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, маэстро Абзал Мұхитдин, қоюшы режиссер Алла Симонишвили, сценограф және костюмдер бойынша суретші Манана Гуниа жұмыс істейді. «Жасырын неке» операсының оқиға желісі жас ғашықтар туралы болғанымен, мұнда өзге дүниелерге де: ақшаға және билікке деген махаббат баяндалады. Чимарозаның адамға күлкі сыйлау қасиеті, жалынды музыкасы көрермендерге шытырман оқиғаның қызыққа толы болатынына уәде береді.