Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Мәдина Оразбай халықаралық опера әншілері байқауының финалисті атанды

Мәдина Оразбай халықаралық опера әншілері байқауының финалисті атанды

 Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенті Мәдина Оразбай Санкт-Петербургтегі Елена Образцованың XIII Халықаралық жас опера әншілері байқауының финалисті және дипломанты атанды. 170 қатысушы арасында Мадина 15 финалист қатарына енді. Байқаудың 1 және 2 кезеңі фортепианоның сүйемелдеуімен, ал үшіншісі Санкт-Петербургтің Мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Айта кетейін, Мадинаның ақтық сында өнер көрсетуі туралы бірнеше мақалада жазылған. Журналистер оның Михаил Глинканың "Руслан мен Людмила" операсынан Людмиланың Каватинасын асқан шеберлікпен орындағанын ерекше атап өтті.