Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Азамат Жылтыргөзов әлемнің көрнекті музыканттарымен бірге опера аудиожазбасын жасады

Азамат Жылтыргөзов әлемнің көрнекті музыканттарымен бірге опера аудиожазбасын жасады

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» опера труппасының директоры Азамат Жылтыргөзов еліміздің вокалдық классикалық өнері тарихында алғаш рет әлемдік деңгейдегі бірегей жобаға – Винченцо Беллинидің «Пуритандар» операсының CD-дисктегі аудиожазбасын жасауға қатысты. Онымен бірге операны бельканто жұлдыздары – тенор Лоуренс Браунли, сопрано Сара Кобурн (АҚШ) орындады.

Әлемдік баспасөз өкілдері 1953 жылғы студиялық жазбалардан бері DELOS компаниясының осындай жоба үшін таңдаған бұндай үйлесімді, стильді солистер ансамблі болмағанын хабарлады. DELOS америкалық халықаралық дыбыс жазу компаниясы әлемде 40 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Оның жазбалары бірнеше рет Грэмми сыйлығына ұсынылған.

Сонымен қатар, жобаға литвалық солистер қатысты. Жазбаға бастамашылық танытқан Нью-Йорк қалалық операсының жаңадан тағайындалған музыкалық жетекшісі, әйгілі дирижер Константин Орбелян.

Бұл тұтастай музыка әлемі үшін, сондай-ақ қазақстандық опера өнері үшін маңызды оқиға. Эксклюзивті дискінің мұқабасында отандасымыздың есімі жазылады. Операның 2017 жылы жазылғанына қарамастан, CD биыл күзде басылып шығады. Азамат Жылтыргөзов халықаралық тәжірибесін өз Отанында пайдаланып, шетелдік әріптестерімен ынтымақтастықта отандық орындаушылар, дирижерлермен ұлттық опера репертуарын жазуға кірісуге ниеттіп отыр.