Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Дубайда Classic Piano халықаралық байқауының қорытындысы шығарылды

Дубайда Classic Piano халықаралық байқауының қорытындысы шығарылды

Бірінші орынды Ресейден келген пианист Мирослав Култышев иеленді. Музыкалық байқауға 20-дан астам елден 70 адам қатысты. Алғашқы екі кезеңде олар жеке өнер көрсетіп, қазылар алқасына барокко музыкасы мен романтикалық репертуардың бағдарламасын, сондай-ақ заманауи Мальта композиторларының шығармаларын ұсынды. Үшінші және төртінші кезеңде қатысушылар Арменияның мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Байқаудың жүлде қоры 300 мың еуро. Classic Piano-ның жеңімпазына 100 000 еуро табысталды. Сонымен қатар, осы жылдың соңында ол әлемдік турнеге аттанады, елдер тізімінде Қазақстан да бар. Ал жапондық Юки Амако мен ресейлік Артем Кузнецов Мальта композиторларының шығармаларын орындағаны үшін 3000 евро көлемінде арнайы сыйлық алды.