Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астраханьда Каспий маңы елдерінің симфониялық оркестрі таныстырылады

Астраханьда Каспий маңы елдерінің симфониялық оркестрі таныстырылады

Астраханьда 9-11 қыркүйек аралығында өтетін Каспийлік классикалық музыка фестивалінде Каспий маңы елдерінің симфониялық оркестрі таныстырылады. Оның құрамына Ресей, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан және Түркіменстанның үздік музыканттары енді. Оркестрге Михаил Голиков дирижерлік етеді. Музыкалық ұжымның алғашқы концерті 11 қыркүйекте OperaFirst Gala - да өтеді. Оркестрдің сүйемелдеуімен әлемдік опера сахнасының жұлдыздары: Элизабет Видаль, Суми Чо және Сергей Лейферкус өнер көрсетеді.