Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Красноярскіде Виктор Третьяковтың халықаралық скрипкашылар байқауы өтеді

Красноярскіде Виктор Третьяковтың халықаралық скрипкашылар байқауы өтеді

20 қыркүйекте Красноярскіде Виктор Третьяковтың II халықаралық скрипкашылар байқауы басталады. Оған 16-32 жас аралығындағы 25 музыкант қатысады. Байқаудың салтанатты ашылуы Красноярск өлкелік филармонияның үлкен залында өтпек. Шара барысында көрермендер қатысушылармен танысып қана қоймай, әлемнің үздік скрипкашыларының бірі —Сергей Догадиннің өнерін тамашалайды. Байқауқа Ресей, Австрия, Испания, Италия, Қытай, АҚШ, Жапония, Украина, Қазақстан, Сингапур музыканттары қатысады деп күтілуде. Маэстро Третьяков басқаратын қазылар алқасының құрамына қазіргі заманның атақты скрипкашылары, түрлі елдердің жетекші музыкалық жоғары оқу орындарының профессорлары енді.