Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ғабит Мүсірепов театрының жаңа маусымы жас режиссердің қойылымымен ашылды

Ғабит Мүсірепов театрының жаңа маусымы жас режиссердің қойылымымен ашылды

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 76-шы маусымы режиссер Фархад Молдағалидің «Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымымен ашылды. Ал 9, 10-шы қыркүйек күндері театр сахнасында Оралхан Бөкейдің әңгімесі желісінде қойылған «Қар қызы» драмасының тұсаукесері өтеді. Қоюшы-режиссері – Шағуан Үмбетқалиев. Театрдағы қойылымдардың апталық репертуары театрдың әлеуметтік желідегі парақшаларына шықты. Сұлу да бекзат өнер ұжымы өз көрермендерін асыға күтеді, деп хабарлайды Baq.kz