Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстандық домбырашылар Испаниядағы байқауға қатысуда

Қазақстандық домбырашылар Испаниядағы байқауға қатысуда

Домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Испаниядағы Music Box International Contest байқауына қатысуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz
  Әлемнің түкпір-түкпірінен келген аспаптық орындаушылардың халықаралық онлайн-байқауы екі кезең бойынша өткізілуде. Қазақстандықтар бірінші кезеңнен сәтті өтіп, авторлық өңдеуде Никколо Паганинидің "24-ші Каприсін" орындады. Екінші турда домбырашылар әйгілі «Тақтар ойыны» хикаясының саундтрегін орындауды жоспарлап отыр. Айта кетейін, бұған дейін Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз «үздік аспаптық дуэт» аталамында Bridge TV телеарнасының марапатына ие болған. Ал Golden Time Talent халықаралық фестивалінде олар бірінші орынды жеңіп алды.