Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ғабит Мүсірепов атындағы театр Волков фестиваліне қатысады

Ғабит Мүсірепов атындағы театр Волков фестиваліне қатысады

17 қыркүйекте Ярославльде XXI халықаралық Волков фестивалі ашылады. Федор Волков атындағы драма театрдың сахнасында Ресей, Армения, Өзбекстан, Беларусь, Қазақстан, Венгрия және Финляндияның шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын Чеховтың пьесасы бойынша "Шағала" қойылымын ұсынады. Режиссері Елік Нұрсұлтан. Фестиваль барысында шеберлік сыныптары мен шығармашылық кездесулер өтеді. Сондай ақ «Театрға қызметі үшін және Федор Волковтың дәстүрлерін дамытқаны үшін» облыстық сыйлығы тапсырылады. Фестиваль 23 қыркүйекке дейін өтеді.