Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

"Астана Операда" "Қазақтың бұлбұлы" атты концерт өтеді

Келесі жылы аты аңызға айналған қазақтың опера әншісі Күләш Байсейітованың 110 жылдығы атап өтіледі. Мерейтой қарсаңында бүгін «Астана опера» "Қазақтың бұлбұлы" атты концерт ұсынады. Театрдың опера труппасының солистері әншінің репертуарынан шығармалар орындайды. Күляш Байсеитова әрбір образға жан-тәнімен беріле отырып, ондаған рөлді сомдады. Ол небәрі 24 жасында КСРО Халық әртісі атағына ие болған. Ал Евгений Брусиловскийдің "Қыз Жібек" операсындағы Жібек партиясы әншіге классикалық опера өнерінің биігіне көтерілуге мүмкіндік берді. Қазақстанның көптеген қала көшелеріне, Алматыдағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектепке және «Астана Операның» камералық залына Күляш Байсейітованың есімі берілген.