Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақ мәдениеті Аргентинада өтетін фестивалде таныстырылады

Қазақ мәдениеті Аргентинада өтетін фестивалде таныстырылады

Қазақстан Аргентинада өтетін "Septiembre Musical" фестиваліне қатысады.  Іс-шара қонақтары қазақ мәдениетімен, музыкасымен және еліміздің пейзаждарымен таныса алады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат". "Septiembre Musical" - Аргентинаның Тукуман провинциясында 1960-шы жылдан бері өткізіліп келе жатқан жыл сайынғы халықаралық фестиваль. Оған орыс скрипкашысы Борис Белкин, аргентиналық композитор Астор Пьяццолла, израильдік дирижер Шломо Минц және тағы басқалар қатысты. Бастапқыда фестиваль академиялық симфониялық, камералық және хор музыкасына арналды, бірақ жылдар өте келе оның бағдарламасына балет пен опера қосылды. Алдын ала жоспарға сәйкес, қазақ мәдениеті Аргенитинада 24 немесе 25 қыркүйекте таныстырылады.