Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Мәскеудегі Дүниежүзілік конгресте Андерсен сыйлығы лауреаттарының есімдері аталды

Мәскеудегі Дүниежүзілік конгресте Андерсен сыйлығы лауреаттарының есімдері аталды

Мәскеуде Ханс Кристиан Андерсеннің алтын медальдары табысталды. Марапаттау рәсімі Ресейде өткен Халықаралық Балалар әдебиеті кеңесінің 37-ші дүниежүзілік конгресінің аясында өткізілді. Андерсеннің 2020 жылғы алтын медалінің лауреаттары - АҚШ жазушысы Жаклин Вудсон және Швейцариядан келген суретші Альбертина Зулло. Оларға Ресей Мемлекеттік кітапханасының Пашков үйінде құрмет көрсетілді. Айта кетейік, бұл балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиет саласында жұмыс істейтін авторлар мен суретшілер үшін ең беделді халықаралық марапат. Сыйлық екі жылда бір рет беріледі.