Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Дамир Сәдуақасов Леонид Собинов атындағы байқауда үшінші орын алды

Дамир Сәдуақасов Леонид Собинов атындағы байқауда үшінші орын алды

Абай атындағы қазақ ұлттық академиялық Опера және балет театрының жетекші солисі Дамир Сәдуақасов Леонид Собинов атындағы екінші халықаралық вокал байқауында үшінші орын алды. Ресейдің Ярославль қаласында өткен байқаудың ақтық кезеңінде 12 вокалист бақ сынады. Олар оркестрдің сүйемелдеуімен екі ария орындады. Қазылар алқасының шешімімен мәскеулік сопрано Софья Цыганкова мен белоруссиялық тенор Дмитрий Токмаков бірінші орынға ие болды, ал мәскеулік екі баритон Максим Лисин және Дмитрий Чеблыков екінші орынды бөліссе, қазақстандық тенор Дамир Сәдуақасов пен Ярославль баритоны Александр Ершов үздік үштікті түйіндеді.