Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Брестте "Белая вежа" фестивалі ашылды

Брестте

Брестте "Белая вежа" XXV Халықаралық театр фестивалі ашылды. Фестивальде өткен 25 жылда 55 елден 500-ге жуық спектакль көрсетілді. Мерейтойлық форум Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 30 жылдығына арналған және Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өткізіледі. Мерейтойлық фестивальге ТМД елдерінің театрлары - Армения, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Тәжікстан, Ресей, сондай-ақ Грузия ұжымы қатысады. Биыл «Бела вежада» көрермендерге 22 қойылым ұсынылмақ.