Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматы облысында «Жамбыл» спектаклінің премьерасы өтті

Алматы облысында «Жамбыл» спектаклінің премьерасы өтті

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында «Жамбыл» спектаклінің премьерасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Аудандық мәдениет үйінің ұжымы жыр алыбының 175 жылдығына осылай тарту жасады. Қойылымның өзіндік ерекшелігі бар. Шығармашылық ұжым Жамбылдың ақындық қырынан гөрі өміріне басымдық берген. Оқиға ақынның жас кезіндегі сүйгеніне жете алмаған махаббат жырынан басталып, қартайған шақтағы патша билігінің қазақтың мойнына салған қамыты мен соғыс жылдары суреттеледі. Ақынның өмірі арқылы қазақ халқының өткен ғасырдағы бастан өткерген қиындығы көрсетіледі. Қойылымды аудандық «Сүйінбай» театрының ұжымы сахналады.