Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Италия алқабында Достоевскийдің суреті бейнеленді

Италия алқабында Достоевскийдің суреті бейнеленді

Итальяндық суретші Дарио Гамбарин бидай алқабында Федор Достоевскийдің портретін трактормен салып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Портрет 25 шаршы метр аумақты алды. Суреттің жоғарғы жағында The beauty will save us, яғни «Сұлулық әлемді құтқарады» деп жазылған. Бұл сөз тіркесін 1868 жылғы «Идиот» романының кейіпкері, 18 жастағы Ипполит Терентьев князь Мышкиннен дәйексөз келтіріп, оған мысқылдап айтады. Суретші төмен жағына кириллицамен әйгілі шығарма авторының атын жазды.