Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда "Астана Операның" гастрольдері өтеді

Алматыда

12 және 13 қазан күндері елордалық балет әртістері Абай атындағы қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының сахнасында өнер көрсетеді. Олар екі бөлімнен тұратын балет кешін ұсынады. Бірінші бөлімде –заманауи отандық және шетел хореографтарының миниатюралары енген Гала-балет. Екінші бөлімде – заманауи неміс хореографы Раймондо Ребектің бір бөлімді «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» (How long is Now) балеті. Онда бишілердің үш жұбы адам өмірінің әр кезеңін бейнелейді. «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі-Алтынай Асылмұратова.