Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Түркістандағы жаңа театрда «Бөрте» спектаклі қойылады

Түркістандағы жаңа театрда «Бөрте» спектаклі қойылады

9-10 қазанда Түркістан музыкалық драма театры «Бөрте» спектаклімен тұңғыш рет шымылдығын ашады, деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл спектакль белгілі драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреаты Дулат Исабековтың пьесасына қойылған. Бөрте әлем тарихындағы ұлы қайраткерлердің бірі, Шыңғыс ханның қоңырат тайпасынан алған алғашқы әйелі. «Бөрте» спектаклін қоюға белгілі италиялық режиссер Давиде Ливермор (Davide Livermore) шақырылды. Декорация шынайлығымен, сахналық киімдер тартымдылығымен, реквизиттер шеберлердің арнайы дайындауымен ерекшеленеді. Белгілі композитор Хамит Шаңғалиев спектакльге арнап эксклюзивті музыка жазды. Театр директоры әрі көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарованың айтуынша, алдағы уақытта да озық техникалық және креатив шешімдерге негізделген тың қойылымдар қала тұрғындары мен қонақтарына көптеп ұсынылатын болады.