Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Көкшетауда "ТеART-Көкше"фестивалі өтеді

Көкшетауда

4-8 қазан аралығында Көкшетауда үшінші Халықаралық "ТеART-Көкше" фестивалі өтеді.  Оған Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген 12 шығармашылық ұжым қатысып, түрлі жанрдағы қойылымдарын ұсынады. Фестивальді Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық орыс драма театры, ГИТИС Ресей театр өнері институтымен бірлесіп ұйымдастыруда. Театр спектакльдері облыс орталығының бірнеше алаңында өтеді. Фестиваль қарсаңында өңірдің көрікті жерлерінің бірі-Зерендіде театрлық білім беру зертханасының ашылуы өтіп, шеберлік сыныптары өткізілген.